Қазақстан - ТМД кеңістігіндегі әрдайым татулық пен тұрақтылық орнаған жалғыз ел - Қазақстанның бас раввині

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан - ТМД кеңістігіндегі әрдайым татулық пен тұрақтылық орнаған жалғыз ел.
None
None

ҚазАқпарат тілшісіне бұл пікірді бүгін елорададағы «Қазақ елі» монументі алдында өтіп жатқан Наурыз мейрамына арналған шара барысында Қазақстанның бас раввині Ешая Коген білдірді.

«Барша қазақстандықтарды осынау тамаша мейраммен құттықтаймын. Алла тағала адамдардың жаңа жылды атап өтуін көріп отырады. Сондықтан да жаңа жылда адам Құдай алдында есеп береді десек те болады. Дәл осы кезеңде адам мен Алла тағаланың тілегі сай келеді», - деді бас раввин.

Оның атап өтуінше, Қазақстан дәл қазіргі уақытта тұрақтылық пен тыныштық орнаған ТМД аумағындағы жалғыз мемлекет болып отыр.

«Қазақстанда бала кезден бастап бейбітшілік пен келісімге үйретеді. Ал бұл өмірдегі ең басты мәселе. Бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Менің ойымша, бұл Қазақстан халқының зор еңбегі», - деді Е.Коген.

Соңғы жаңалықтар