Қазақстан ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында мемлекеттік қызмет саласындағы реформалардың көшбасшысы деп танылды

АСТАНА. 25 маусым. ҚазАқпарат - Мәдениет және ақпарат министрлігінде Біріккен Ұлттық Ұйымы Бас Ассамблеясының шешімімен белгіленген Мемлекеттік қызмет күніне арналған жиналыс өтті,

Қазақстан ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында мемлекеттік қызмет саласындағы реформалардың көшбасшысы деп танылды

деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Министрліктің басшысы Дархан Мыңбай: «БҰҰ белгілеген күн ұйымға мүше мемлекеттерді осы күні мемлекеттің дамуындағы мемлекеттік қызметтің үлесін насихаттау үшін арнайы шараларды ұйымдастыруға бастайды», - деп атап өтті жиын барысында.

Сонымен қатар министр 1999 жылы Қазақстанда Мемлекеттік қызмет істері агенттігі құрылып, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның қабылданғанын еске салып, Қазақстанда бұрынғы кеңестік кеңістікте алғаш рет мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеу енгізілгенін, мемлекеттік лауазымдардың саяси және әкімшілік болып бөлініп, мемлекеттік қызметшілерді кәсібилендіру жөніндегі шаралар іске асырылғанын тілге тиек етті. Осының арқасында Қазақстан ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында мемлекеттік қызмет саласындағы реформалардың көшбасшысы деп танылды.

« Еліміздің мемлекеттік басқару жүйесінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің алатын орны бөлек. Оның айғағы соңғы жылдары  мәдениет, ақпарат, ішкі саяси тұрақтылық,  тілдерді дамыту, мұрағат және баспа ісі салаларындағы еліміздің жетістіктері, олардың бәсекелестікке қабілеттілігін нығайтуға бағытталған шараларды атауға болады», - деді Д.Мыңбай.

Бүгінгі таңда Министрлікте барлығы 169 қызметкер жұмыс істейді, олардың орта жасы - 37 жас. Қызметкерлердің 61% - әйелдер, 51 мемлекеттік қызметшінің екі жоғары білімі, 6 адамның ғылыми атағы бар. Министрлік қызметкерлерінің орташа мемлекеттік қызмет өтілі 7 жыл, ал 27 қызметкердің мемлекеттік қызмет өтілі 15 жылдан асады. Министрлік ішіндегі карьералық өсу бойынша соңғы 3 жыл көлемінде жоғары тұрған лауазымға әрбір бесінші қызметші көтерілді.

Сондай-ақ, министрлікте шыңдалған бірқатар білікті мамандардың еліміздің жоғарғы мемлекеттік органдарында, атап айтқанда Президент Әкімшілігі, Премьер-Министр  Кеңсесі, Парламент аппараттарында жемісті еңбек етіп жатқанын Д.Мыңбай мақтанышпен атап өтті.  

Кездесу соңында министр мемлекеттік қызмет ардагерлеріне, мемлекеттік қызметтің қалыптасуына үлес қосқан бір топ қызметкерлерін марапаттады.