Қазақстан төртінші мұнай өңдеу зауытының құрылысынан бас тартып отырған жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан төртінші мұнай өңдеу зауытының құрылысынан бас тартып отырған жоқ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник мәлім етті.
None
None

«Бізге төртінші мұнай өңдеу зауыты құрылысы мәселесін қарастырып, оны салу тапсырмасы берілген болатын. Қазіргі кезде бұл тапсырма бойынша арнайы топ жұмыс істеуде. Осы бағытта техникалық-экономикалық негіздемеге техникалық талаптар қарастырылуда. 2017-ден 2022 жыл аралығында индикаторлар мен елдің экономикалық дамуы бойынша жоспарларды ескере отырып, жаңғыртудан өткен үш мұнай өңдеу зауыттарынан шығарылған өнім ішкі қажеттілікті толықтай қамтамасыз етеді», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, 2022 жылдан кейін Қазақстанда жағармай тапшылығы тағы да туындауы ықтимал. Себебі, халықты саны мен экономиканың өсімі болғандықтан, мұнай өнімдерін тұтыну деңгейі де арта түседі.

«Сол кезге қарай мұнай өңдеу зауыты салынып болуы тиіс. Ол жаңғыртудан өткен үш зауытты толықтырып, жағармайдың қосымша көлемін өндіруі қажет және бензиннің экспорттын жүзеге асыруға қауқарлы болуы керек. Бұл тұрғыда осы үдерістің экономикасын түсіну дұрыс болар еді, себебі зауыттың құрылысы қымбатқа түсетін шара», - деді В. Школьник.

Оның айтуынша, қазіргі заманғы мұнай өңдеу зауытын салуға 8-9 млрд. доллар көлемінде қаржы жұмсалады.

«Осы мәселені біз қарастырып жатырмыз және осындай зауыт елімізде болады», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар