Қазақстан транзиттік маршруттарды дамытуда

БАКУ. ҚазАқпарат - Қазақстан құрлықтық транзиттік маршруттарды белсенді түрде дамытып келеді, бұл ретте Транскаспий маршруты зор маңызға ие, - дейді «Баку-Тбилиси-Карс» жаңа теміржол бағытының ашылу рәсімінде «Қазақстан темір жолы» компаниясының президенті Қанат Алпысбаев.

Қазақстан транзиттік маршруттарды дамытуда

 Бұл жайлы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлайды.

«Біздің алдымызда Түркия мен Оңтүстік Еуропаға дейінгі тікелей темір жол бағыты ашылып отыр. Бұл жүк тасымалына кететін уақытты екі есеге қысқартады», - деді Қ. Алпысбаев.

Қазіргі таңда Қазақстан және Әзербайжанның Құрық, Ақтау, Баку, Алят порттары байланысында бірыңғай цифрлық платформа құру мәселесі талқылануда. «Оны мүмкіндігінше тезірек іске асыру үшін әріптестерімізбен келіссөздер жүргізіп жатырмыз», - деді компания басшысы.