Қазақстан Трентинодағы Универсиадада жалпы командалық есепте 15-ші орынға ие болды

АСТАНА. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - Италияның Трентино провинциясында XXVI Бүкіләлемдік қысқы универсиада аяқталды, деп хабарлады Sports.kz.

Қазақстан Трентинодағы Универсиадада жалпы командалық есепте 15-ші орынға ие болды

Медальдар есебі бойынша 50 медальға (15 алтын, 16 - күміс және 19 - қола) ие болған Ресейлік өкілдер сенімді жеңіске жетті, екінші орында поляк спортшылары - 23 (10,10,3), үшінші орындағы Оңтүстік Корея командасы - 24 (8,9,7), поляктарға «алтынның» жалпы санынан жол берді.

Қазақстандық студенттер он бесінші орынға (30 құрама арасында) табан тіреді, олардың есебінде 5 марапат (2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль) бар. Жүлделі орындардың жалпы саны бойынша қазақстандықтар словактармен 14-ші орынды бөлісті.

Еске сала кетейік, бұл Универсиадада қазақстандық команда қоржынына шаңғы жарысында Татьяна Осипова мен ағайынды Малышевтердің (Александр және Сергей), Геннадий Матвиенко мен Марк Старостиннің ерлер эстафеталық квартеті «алтын» салды, күміс жүлдеге де сол Марк Старостин мен хоккейден ерлер құрамасы қол жеткізді, ал «қола» жүлдені Ольга Мандрыка, Марина Матросова және Татьяна Осипова үштігі әйелдер эстафетасы әперді.