Қазақстан Троицк ГРЭС-інің Қостанай облысындағы күл сақтау орнын пайдалану мерзімін 2012 жылдан әрі ұзартпайды

«2012 жылдан кейін біз: «Троицк ГРЭС-і жұмысын тоқтату, немесе тоқтатпауды өздеріңіз шешіңіздер. Ресей аумағында күл сақтау орнын салуға уәде еткен болатынсыздар, енді соны салып, пайдаланыңыздар», деп айтпақпыз, - деді министр.
ҚОҚМ-ның басшысы атап көрсеткендей, 2003 жылғы үкіметаралық келісімге сәйкес, ресейліктер өздеріне күл сақтау орнын Челябі облысында салуы тиіс болатын және рұқсат 2012 жылға дейін ұзартылған.
Троицк ГРЭС-і Челябі облысының Троицк қаласында орналасқан. 1980 жылдан бері Троицк ГРЭС-інің күлі Қостанай облысы Қарабалық ауданында орналасқан Шұбаркөл өзенінің бойындағы базада сақталуда. Онда 70 млн.-ға жуық күл жинақталды.
Министрдің атап өтуінше, Троицк ГРЭС-інің ауаға шығарып отырған күлінің көлемі экологиялық стандарттардан асып отырған жоқ