Қазақстан цифрлық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде ТОП-35 елдің қатарына енді

IMD World Digital Competitiveness 2024 халықаралық рейтингінің деректеріне сәйкес, Қазақстан әлемнің 67 елі ішінде 34-орынға тұрақтап, цифрлық бәсекеге қабілеттілік саласындағы өз позициясын сақтап қалды.

р
Фото: freepik

Бұл рейтинг елдердің цифрлық технологияларды дамытып, оларды экономикалық трансформацияны жеделдету мен азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру үшін қолдану қабілетін бағалайды.

Негізгі бағыттар бойынша:

  • Білім және адами капитал – 33-орын (цифрлық дағдылар, кадр даярлау, ғылым);

  • Технологиялық даму – 46-орын (реттеушілік, инвестиция, инфрақұрылым);

  • Болашаққа дайындық – 27-орын (бизнес икемділігі, eGov, ІТ-ге бейімделу).

Қазақстанның күшті тұстары:

  • Цифрлық бизнестерді іске қосуға жоғары дайындық;

  • Электронды мемлекеттік қызметтердің кеңінен енгізілуі;

  • Телекоммуникация және ІТ инфрақұрылымының дамуы.

Басым бағыттар:

  • Цифрлық дағдылар мен жасанды интеллект бойынша білім беруді дамыту (AI People, AI Qyzmet, Tomorrow School бағдарламалары);

  • Жасанды интеллект пен дербес деректерді қорғау саласындағы нормативтік базаны күшейту;

  • Деректер орталықтарын салу, цифрлық платформалар мен стартаптарға арналған экожүйені іске қосу.

Айта кетейік, Қазақстан білім беру бағдарламаларынан бастап суперХҚКО-лар мен ұлттық жасанды интеллект платформасына дейінгі «цифрлық мемлекет» инфрақұрылымын дәйекті түрде қалыптастырып, Орталық Азия өңірінде цифрлық көшбасшылыққа ұмтылуда.

Әділет министрлігі цифрлық сот орындаушы жүйесінің алғашқы нәтижелерін таныстырды.

Соңғы жаңалықтар