Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан тумасы Армения ТЖМ басшысы болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Арменияның төтенше жағдайлар министрі болып Өскемен қаласының тумасы Давид Тоноян тағайындалды.Бұл туралы diapazon.kz news.am-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан тумасы Армения ТЖМ басшысы болды

Давид Тоноян 1967 жылы 27 желтоқсанда дүниеге келген. Жоғары білімді өзінің тарихи отанында, Ереван мемлекеттік университетінде алған.

Түрлі жылдары Тоноян Армения әскери полициясында, АР қорғаныс министрлігінде қызмет етті, НАТО-да Армения қарулы күштерінің өкілі болды. 2010 жылдан бері Армения қорғаныс министрінің бірінші орынбасары болған.