Қазақстан тумасы өз ұлын ресейлікке 1,5 млн. рубльге сатпақшы болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Липецкте Қазақстан тумасы баласы ауқатты отбасында тәрбиеленгенін қалап, сонымен бірге өзіне үй сатып алу ниетімен үш жасар баласын 1,5 миллион рубльге сатпақшы болған.
10 шілдеде Липецк қаласында Жеңіс даңғылында кешке өз баласын сатпақшы болған кезде 24 жастағы Қазақстан тумасы ұсталды. Ер адам баласын сататыны туралы интернетке жарнама орналастырған.
«Жауап алу кезінде ол тергеушіге ұлының ауқатты отбасында тәрбиеленгенін қалағандықтан сатқысы келгенін айтқан. Өткен жылы жазда анасы баласын тастап кетіп, отаны - Қазақстанға оралған. Ұлын сатқаннан алған ақшаға үй сатып алмақшы болған», - деп жазады РИА Новости.