Қазақстан - тұрақтылық пен тыныштығымен ерекшеленетін әлем мемлекеттерінің бірі - шетелдік дипломаттар ҚР Президентіне

АСТАНА. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының атына оны мерейтойымен және елорда күнімен құттықтаған жедел хаттар көптеп түсуде. Мәселен, Мемлекет басшысын Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшілер де құттықтады,
None
None

деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі..

Үндістан Елшісі Ашок Саджанхар өз хатында Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның қарыштай өсуі, дамуы және гүлденуіне қосқан үлесі шынында да аса зор және бірегей» екенін айта келіп, «АӨСШК-ні құрушы ретінде Сіз Азиядағы бейбітшілік, қауіпсіздік және тұрақтылықтың дамуында биік белестерге көтерілдіңіз. Сіздің мұнай қорын және «Болашақ» бағдарламасын құру сияқты бастамаларыңыз Қазақстан үшін өте тиімді әрі пайдалы екенін көрсетті»,- деп атап өткен.

Украина Елшісі Н.Ф.Селивон Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен және Астана күнімен құттықтаған. Хатта Қазақстанның тұрақтылығы және тыныштығымен ерекшеленіп отырған бүгінгі әлемдегі санаулы мемлекеттің бірі екені айтылады. «Мұның барлығына Сіздің кемеңгерлігіңіздің және ұлт көшбасшысы атағына лайықты түрде ие болған мемлекет қайраткері ретіндегі тәжірибеңіздің арқасында жету мүмкін болды»,- делінген.

Вьетнам Социалистік Республикасының Елшісі Ву Тхе Хиеп өз хатында Нұрсұлтан Назарбаевтың атына «мерейлі мерейтойға байланысты ең жақсы және жүректен шыққан құттықтауларын» жолдайды. Елші Вьетнамда Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқының лидері, ұлы жаңартушы және қазіргі Қазақстанның қайта өрлеуі мен гүлденуіне, сонымен қатар өңірде және әлемде бейбітшілік, қауіпсіздік және ынтымақтастықты қамтамасыз ету үдерісіне асқан зор үлес қосқан және қосып келе жатқан әлемдік деңгейдегі көрнекті саяси қайраткер» ретінде танымал екені атап айтылған.

Грузиядағы Украина Елшісі Василий Цыбенко Н.Назарбаевқа жолдаған құттықтауында: «Үлкен де күрделі жолды Сізбен бірге жүріп өткен, ең ауыр сынақтарға төтеп берген қазақстандықтар өз Отанын және өз Елбасын мақтаныш етуге барлық жағынан хақылы», - деп жазады.

Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрі В.Б.Христенко Қазақстан Президентіне туған күнінде бұдан да өзге үлкен жетістіктер тілеп, «Сіздің иығыңызда өз еліңіздің қарышты дамуының салмағы ауыр жауапкершілігі жатыр ғой»,- дейді.

РФ ФЖ Мемлекеттік Думасындағы РФКП фракциясының жетекшісі, РФКП ОК төрағасы Геннадий Зюганов өзінің құттықтау жеделхатында «Посткеңестік тарихының күрделі кезеңінде аса кемеңгер, белсенді және баршаға сыйлы адам басқарған Қазақстан Республикасының жолы айрықша сәтті болғанын» атап айтқан.

Соңғы жаңалықтар