Қазақстан тұрғындарының банктегі салымдары 21,7 трлн теңгені құрады
АСТАНА. KAZINFORM – 2024 жылдың маусым айының соңында Қазақстан банктеріндегі халық салымдарының жалпы сомасы 21,7 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды economy.kz.
2023 жылдың желтоқсан айының соңында бұл көрсеткіш 20,1 трлн теңге болды. Осылайша, аталған аралықтасалымдардың жалпы көлемі 7,58%-ға өсті.
Халық салымдарының негізгі үлесі ұлттық валютадағы мерзімді салымдарға тиесілі. 2024 жылдың қаңтарында теңгедегі мерзімді салымдардың сомасы 11,1 трлн теңгені құрады, 2024 жылдың маусым айының соңында бұл сома 11,9 трлн теңгеге дейін өсті.
Шетел валютасындағы мерзімді салымдар үлесі де ауқымды. 2024 жылдың қаңтарында шетел валютасындағы мерзімді салымдардың сомасы 4,44 трлн теңгені құрады, 2024 жылдың маусым айының соңында бұл сома 4,46 трлн теңгеге дейін өсті.
Ұлттық валютадағы салымдардың оң динамикасы Қазақстанның экономикасы мен қаржы институттарына деген сенімнің артқанын көрсетеді. Сонымен қатар, шетел валютасындағы салымдарға тұрақты қызығушылық байқалады, бұл халықтың тәуекелдерді әртараптандыру және жинақтарын валюта ауытқуларынан және инфляциядан қорғау ниетімен байланысты болуы мүмкін.