Қазақстан түріктің «Anka» тектес дрондарын сатып алу мәселесін қарастырып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан түріктің «Anka» тектес дрондарын сатып алу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Руслан Шпекбаевтың еліміздің әскерін қару-жарақпен қамтамасыз етуге қатысты мақаласынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәліметтерге қарағанда, Мемлекет басшысы – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 19 қаңтар күнгі Қорғаныс министрлігінде сөйлеген сөзінде геосаяси жағдайды және өңірлік деңгейдегі қауіп-қатерлерді ескере отырып, Қарулы күштердің жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыруды талап етті.

Осы ретте барлау, оның ішінде радиолокациялық барлау міндеттерін орындау, кедергілер келтіру және тәуліктің кез келген уақытында жерүсті нысаналарына дәл соққы беру үшін «Wing Long-1» екпінді-барлау, «Орлан-10Е» барлау, «Skylark – 1Lex» тактикалық ұшқышсыз ұшатын аппараттары сатып алынғанын жазды.

Ал қазір ведомство түріктің «Anka» тектес дрондарын сатып алу мәселесі де қарастырыып жатыр.

«Жалпы, әскерлерді ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жарақтандыру қажеттілікке сәйкес жоспарлы түрде жүзеге асырылатын болады», - делінген мақалада.

Министр орынбасарының мәліметінше, Қазақстанның Қарулы күштері 30 жыл ішінде 4 мыңнан астам заманауи қару-жарақ пен әскери техника түрлерімен қамтамасыз етілді.


Соңғы жаңалықтар