Қазақстан туристік бағыттар тізімінде 119 ел арасынан 52-орынға шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Жуырда Дүниежүзілік экономикалық форумның Саяхат және туризмді дамыту бойынша жарияланған рейтингінде Қазақстан туристік бағыттар тізімінде 119 ел арасынан 52-орынды иеленді. Бұл туралы Бурабай ауданындағы «Discovery Borovoe» қонақ үйінде ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Ақмола облысының бизнес-қоғамдастығымен кездесу барысында айтты. 

туризм, иностранные тревел-блогер, Алматы, горы, таулар,
Фото: Александр Павский / Kazinform

Туризм саласындағы жаңа бастамалар туралы Бурабай ауданындағы «Discovery Borovoe» қонақ үйінде ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Ақмола облысының бизнес-қоғамдастығымен кездесу барысында айтты. Жиында жазғы туристік маусымға дайындық мәселесі пысықталды. 

Саяхат
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

«Жуырда Дүниежүзілік экономикалық форумның Саяхат және туризмді дамыту бойынша жарияланған рейтингінде Қазақстан туристік бағыттар тізімінде 119 ел арасынан 52-орынды иеленді. Қазақстан Әзербайжан (56), Өзбекстан (78), Қырғызстан (102) сияқты елдерді басып озып, Орталық Азиядағы ең жоғары көрсеткішке ие болды», — делінген хабарламада.

Аймақтағы тағы бір маңызды бағыттың бірі — ауыл тұрғындарын жұмыспен қамти отыра, агротуризм саласын дамыту.

«Қаржыландырылған жобалардың нәтижесін қарайтын болсақ, дұрыс бағытта келе жатқанымызға көз жеткізуге болады. Бұл шаралар өңірдің одан әрі өсіп-өркендеуіне оң әсер ететініне сенімдін», — деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев


Туризм және спорт министрі Ақмола облысында туризмнің барлық саласы дамып келе жатқанын, оның ішінде өңір емдеу-сауықтыру, рекреациялық және табиғи-ландшафтық туризм орталығына айналғанын атап өтті. Азаматтар мен туристер арасында қауіпсіздікті сақтау да өте маңызды дүние екені айтылды.