Қазақстан Түркіменстан мен Иран шекарасында астық терминалын салуды жоспарлап отыр
«Біз Иран бағытына назар аударып отырмыз. Сондықтан бидай жеткізілімдерін жандандыру үшін Түркіменстан мен Иран шекарасында астық терминалы құрылысының мүмкіндігін қарастыру жоспарлануда», - деді ол.
Осы орайда ол Иран қазақстандық бидайды дәстүрлі импорттаушы болып табылатынын айта келе, болжамдар бойынша биыл бұл ел 1,2 млн. тонна бидайды импорттауды көздеп отырғанын атап өтті.
Сонымен қатар «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» астық терминалдарын шығыс бағытта дамытуды жоспарлауда. Бұл өз кезегінде алдағы уақытта Қытай мен алыс шетелдерге экспорт көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
«Бүгінде астықты өткізу үшін жаңа нарықтарға шығуға бізде барлық мүмкіндіктер бар. Олардың арасында ҚХР, Оңтүстік-Шығыс Азия және Парсы шығанағы елдері қамтылмақ», - деді Н.Дайырбеков.