Қазақстан-Түркия индустриалды аймақтарын құру мәселесін талқыладық - Президент

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Түркияның президенттері "Жаңа синергия" бағдарламасы аясында өзара ынтымақтастық мәселелерін дамыту жайын талқылады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан-Түркия индустриалды аймақтарын құру мәселесін талқыладық - Президент

"Келіссөздер кезінде "Жаңа синергия" бірлескен экономикалық бағдарламасын, соның аясында Қазақстан-Түркия индустриалды аймақтарын құру мәселелерін, екі елдің арасындағы сауда-саттықты басқа деңгейге көтеру жайын талқыладық. Осы ретте "Жаңа синергияның" өзекті xаттамасы, шамамен, 900 млн доллар болатын 26 инвестициялық жобаны қамтиды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақордада өткен келіссөздерден кейін.

Мемлекет басшысының айтуынша, қазіргі сауда-экономикалық әлеуетті толыққанды пайдалану үшін тоқыма, азық-түлік, тау-кен, құрылыс, электроника, ауыл шаруашылығы мен туризм салаларында байланысты күшейтуге тапсырма берілді. Бұның барлығын үкіметаралық комиссия пысықтайтын болады.

Айта кетейік, бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия басшысы Реджеп Тайып Ердоғанды қабылдады .  "Түркияның Тәуелсіздігімізбен құттықтағаны әлі есімде", - дейді Нұрсұлтан Назарбаев .