Қазақстан Түркияға гуманитарлық көмек жөнелтті

ТАНА. 26 қазан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының тапсырмасымен және Үкімет қаулысының негізінде Қазақстан тарапынан Түркия еліне үлкен шығын әкелген жер сілкінісіне байланысты осы елге гуманитарлық көмек көрсетіледі.

Қазақстан Түркияға гуманитарлық көмек жөнелтті

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, гуманитарлық жүк құрамында 5,065 тонна ет консервілері, 12 тонна қарақұмық, 20 дана он адамдық қыстық шатыр, 20 жылтқыш пеш, 200 дана көрпе, 1 тонна шәй, 15 тонна макарон өнімдері бар. Қазіргі таңда бұл жүк Төтенше жағдайлар министрлігінің әуе күштері арқылы Алматьы қаласынан қажеті жерге жеткізілген.