Қазақстан – Түркияға мұнай өнімдерін жеткізуден көшбасшылар тізімінде
Өткен жылы Түркияның мұнай мен мұнай өнімдерінің негізгі экспорттаушысы Ресей 2 млн 516 мың тонна жеткізген. Одан кейін Ирак – 500 мың 908 тонна. Қазақстан 266 мың 713 тонна экспорт көрсеткішімен алғашқы үштікті тұйықтаған.
Түркияның энергетикалық нарықты реттеу басқармасының деректеріне сәйкес, 2022 жылғы қарашада елге мұнай және мұнай өнімдері импортының жалпы көлемі 3 млн 967 мың 559 тоннаға дейін қысқарды. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 7,4%-ға аз.
Дизель отынын сатып алу 3%-ға (919 097 тоннаға дейін) қысқарған. Түркия импортының қалған бөлігін авиациялық және кеме отыны, бензин, мазут және басқа да мұнай өңдеу өнімдері құрайды.
Сонымен қатар өткен жылдың қараша айында елде бензин сатылымы өткен жылдың осы айымен салыстырғанда 10,3%-ға (253 921 тоннаға дейін), ал дизель отыны - 9,5%-ға (2 млн 46 мың 988 тоннаға дейін) қысқарған.
Жалпы мұнай өнімдерін сату көлемі 8%-ға төмендеп, 2 млн 449 мың 71 тонна болды.