Қазақстан түрмелеріндегі адам саны 25 пайызға кеміді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2013 жылдан бері Қазақстан түрмелеріндегі адам саны 25 пайызға - 52 мыңнан 40 мыңға дейін азайды. Бұл туралы Қазақстан Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының бірінші проректоры Еркін Оңғарбаев мәлім етті.

Қазақстан түрмелеріндегі адам саны 25 пайызға кеміді

"Прокуратура органдары пенитенциарлық жүйенің жұмысын жақсарту бағытында кешенді шаралар жасауда. 2013 жылы "түрмедегілердің санын азайту бойынша 10 қадам" жобасы аясында алғашқы конференция өтті. Екінші форумда "Колонияларда жұмыспен қамту" жобасының басталғандығы жарияланды. 2015 жылы 11 желтоқсанда өткен үшінші форум сотталғандарды қоғам өміріне қайта бейімдеу мәселелеріне арналды. Біз осы жұмыстардың алғашқы жемістерін де көрудеміз. 2013 жылдан бері Қазақстан түрмелеріндегі адам саны 25 пайызға - 52 мыңнан 40 мыңға дейін азайды. Бұл 90-шы жылдармен салыстырғанда екі есе аз", - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан әлемдік рейтингте өз позициясын жақсартып, 55 орынға дейін көтерілген.