«Қазақстан тұтынушылары лигасы» тұтынушылар білімін арттыру мәселесін көтерді

АЛМАТЫ. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Қазақстан тұтынушылар лигасы алдағы қыркүйек айына дейін тұтынушылар құқығын қорғау туралы жаңа оқулық және әдістемелік құрал дайындайтын болады.
None
None

Бұл туралы бүгін Қазақстан тұтынушылары ұлттық лигасының президенті Светлана Романовская Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты. ҚР «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» Заңының 9-бабына сәйкес, 2010 жылдың 4 мамырынан бастап міндетті тұтынушылық білімді енгізу қарастырылған. Осыған орай, «Қазақстан тұтынушылары лигасы» Заңды тұлғалар бірлестігі қауымдастығы ЖОО-ға арнап «Тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы тәжірибелік-теориялық аспектілер» атты оқулық және әдістемелік құрал жасау жөнінде бастама көтеріп отыр.

«Бұрынғы шығарылған оқулық 1991 жылы тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңға сәйкес алғаш рет Қазақстан тұтынушылары лигасы тарапынан өңделіп, әлемнің 27 еліне бейімделген болатын. Ал қазіргі таңда «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» жаңа заңның қабылдануына байланысты оны жетілдіру қажет», - деді тұтынушылар лигасының президенті.

Оның айтуынша, аталмыш оқулық пен әдістемелік құрал қыркүйек айына дейін жасалып бітетін болады. «Кітаптар қазақ және орыс тілдерінде 1000 данамен дайындалады. Қажет болса, ағылшын тіліне де аударылатын болады», -дейді С. Романовская.

Жобаны іске асыруға «Coca-Cola» компаниясының қоры 20 миллион доллар көлемінде қаржылай көмек көрсетіп отыр.

Соңғы жаңалықтар