Қазақстан тұтынушыларының белсенділігі төмен - С. Әйімбетов

АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан тұтынушыларының белсенділігі төмен болып отыр. Бүгін Парламент Мәжілісінде Бәсекелестікті қорғау агенттігі қызметінің негізгі бағыттары тақырыбында өткен Үкімет сағатында Экономикалық даму және өңірлік даму комитетінің төрағасы депутат Сейітсұлтан Әйімбетов осындай пікіір білдірді.  
None
None

Депутаттың айтуынша, тұтынушылардың құқықтарын қорғау халық үшін ең өзекті мәселе. «Дамыған елдердің тұтынушылар құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы құқықтық реттеу жөніндегі тәжірибесі мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың күш-жігерін біріктіріп, тұтынушылар құқықтарының жаңа пәрменді нысандарын құруды растап отыр. Әрине,  біздің монополияға қарасты ведомствомыз бен мемлекеттік органдарымыз осы бағытта белгілі бір жұмыстар жүргізіп келеді. Алайда көрсеткіштерге жүгінсек мынаны байқаймыз: 2011 жылы әкімдіктер мен қоғамдық бірлестіктерге тұтынушылардан 6,5 мың өтініш келіп түскен. Салыстыру үшін айтар болсақ,  Ресей тұтынуды қадағалау органдарына осы кезеңде тұтынушылардан 400 мың өтініш келіп түсіпті. Сонда Қазақстанның 10 мың азаматына небәрі 4 өтініштен ғана келіп отыр. Ал Ресейде бұл көрсеткіш 30 өтініштен келген, яғни 7,5 есеге артық. Келтірілген мәлімет Қазақстан тұтынушыларының белсенділігі төмен екендігін аңғартады», - дейді депутат.

Оның айтуынша, бұл тұтынушылық сауаттылық және өз құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халықты хабардар ету мен оқыту жүйесінің әлі де болса әлсіз екенін көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар