Қазақстан туын көлігіне жапқан атыралық жүргізуші жазаланды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл дерек 16 иамызда жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасына тсүіп қалған.
«Атырау қаласындағы Ш.Еркінов-Т.Амандосов көшелерінің қиылысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын жауып келе жатқан «Kia Rio» автокөлігін бейнебақылау камерасына түсті. Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері аталған автокөлікті басқарған 1988 жылы туған жүргізушіні анықтады. Жүргізуші Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану ережесін бұзған» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
ы үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 458-бабы 1 бөліміне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қысқартылған тәртіппен 72925 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Еске сала кетелік, бұған дейін Қазақстан туын көлігіне жауып алған жүргізуші жазаланған болатын.