Қазақстан тұйықталған отын циклін пайдаланса, өзін-өзі бірнеше жүз жыл отын ресурсымен қамтамасыз етеді - В.Школьник
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстан тұйықталған отын циклін пайдаланса балама энергия көздерінсіз-ақ өзін-өзі бірнеше жүз жыл отын ресурсымен қамтамасыз етеді.
Бұл туралы бүгін VIII Астана экономикалық форумының «Еуразиялық энергетикалық, су және транзиттік әлеуетінің тұрақты дамуы» атты сессиясында ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник айтты.
«Қазақстан - энергетикалық ресурстары жеткілікті ел. Мұнай, газ және уранды қоса алғанда өндірілетін базалық отындық ресрустардың жиынтық көлемі 35 млрд. тоннаны құрайды. Ағымдағы жылдық энергетикалық ресурстардың өндірілу көлемі 400 млн. тоннаға жетеді. Бұған қоса, елімізде жылына 60 млн. тонна ғана энергетикалық ресурс тұтынылады», - деді министр.
Оның атап өтуінше,елімізде барланған отын қоры 90-100 жылға жеткілікті.
«Ал егер тұйықталған отын циклін пайдаланылатын болса, онда Қазақстан балама энергия көздерін пайдаланбай-ақ бірнеше жүздеген жыл өзін-өзі отын ресурсымен қамтамасыз ете алады», - В.Школьник.