Қазақстан УЕФА елдерінің клубтық рейтингінде 32-орынға көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының алғашқы іріктеу ойындарының қорытындысы бойынша УЕФА елдерінің клубтық рейтингінде қазақстандық құрамалар 2.125 ұпай жинады.

Қазақстан УЕФА елдерінің клубтық рейтингінде 32-орынға көтерілді

Бұл көрсеткіш Грузия мен Молдовадан озуға мүмкіндік берді. Осылайша Қазақстан Венгрия, Әзербайжан және Словакиядан кейін 32-орынға жайғасты.

Еске сала кетейік, кеше Еуропа Лигасында «Астана» израильдік «Хапоэль» Тель-Авивті жеңді, алматылық «Қайрат» пен даниялық «Эсбьерг», қарағандылық «Шахтер» мен литвалық «Атлантас» тең түсті.