Қазақстан УЕФА елдерінің рейтингінде 28-ші орында

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Еуропа Лигасының «Астана» - «Маккаби» Тель-Авив (4:0) матчында жеңіске жеткеннен кейін УЕФА елдері рейтингінде өз позициясын сақтап қалды, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстан УЕФА елдерінің рейтингінде 28-ші орында

Соңғы бес маусымдағы еліміздің жалпы коэффициенті - 16,875. Қазақстан бұл көрсеткішпен 28-орында қалды. 27-ші орында - норвегтер (16,925) тұрса, оның алдына - Сербия (16,250) жайғасқан.

Үздік үштікте Испания (93,998), Англия (67,891) және Италия (66,249) көш бастап тұр.