Қазақстан УЕФА коэффициенттері кестесінде 30-шы орынға көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан УЕФА коэффициенттері рейтингінде Словакия мен Венгриядан озып, 32-орыннан 30-орынға көтерілді.

Қазақстан УЕФА коэффициенттері кестесінде 30-шы орынға көтерілді

Өткен еурокубоктар маусымының қорытындысы бойынша Қазақстан 32-орында болған. Бұл жолғы маусым басында УЕФА мүшелерінің 2010/11 жылдардағы ұпайлары алынып, биылғы маусымның ұпайлары есептелді.

Осылайша Қазақстан Словакия мен Венгриядан озып, 30-орынға жайғасты.

25-орынға көтерілсе, Кубок иегеріне Еуропа Лигасының екінші кезеңінен бастауына мүмкіндік беріледі.

Көш басында Испания, Германия - екінші, ал Англия үшінші орында. Айта кетейік, 2015/2016 жылғы еурокубоктар маусымында Қазақстан намысын 4 клуб қорғайды. Ел чемпионы "Астана" УЕФА Чемпиондар лигасында бақ сынаса, "Ақтөбе", алматылық "Қайрат" және шымкенттік "Ордабасы" Еуропа лигасында сынға түсуде. "Астананың" қарсыласы Словения чемпионы "Марибор" командасы болмақ. Ал Еуропа лигасындағы командалар алғашқы кездесулерін өткізіп те үлгерді. Кеше, 2 шілде күні "Ордабасы" өз алаңында Израильдің "Бейтар" клубымен тең түсті - 0:0. "Ақтөбе" де өз алаңында эстониялық "Нымме Калью" командасына 0:1 есебімен есе жіберді. Ал Алматының "Қайраты" Белградта жергілікті "Црвена Звезданы" 0:2 есебімен тізе бүктірді.