Қазақстан УЕФА Ұлттар лигасының ең төменгі дивизионында қалып қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018-әлем чемпионатының іріктеу турнирі кезекті матчының қорытындысы бойынша УЕФА Ұлттар лигасы дивизиондарының болжамды кестесі жаңартылды, деп хабарлайды Sports.kz

Қазақстан УЕФА Ұлттар лигасының ең төменгі дивизионында қалып қойды

Данияға есе жіберген (1:3) Қазақстан құрамасына бұл жеңіліс алға қарай жылжуға мүмкіндік бермеді - біздің команда D ең төменгі дивизионда қалып қойды. Қазіргі таңда бұл дивизионда Финляндия, Эстония, Армения, Грузия, Фарьер аралдары, Латвия, Македония, Молдова, Люксембург, Андорра, Лихтенштейн, Мальта, Косово, Сан-Марино және Гибралтардың құрамалары бар.

УЕФА Ұлттар лигасы - мақсаты жолдастық матчтарды алмастыру болып табылатын еуропалық құрамалар арасындағы болашақ халықаралық турнир (2018-әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін басталады).