Қазақстан - Уэльс матчында қызмет атқаратын төрешілер тобы белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан - Уэльс матчында қызмет атқаратын төрешілер тобы белгілі болды, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі.
Әйелдер арасында 2017 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстан - Уэльс матчының бас төрешісі болып люксембургтық рефери Тания Фернандес тағайындалды.
Бас төрешіге қос қапталдан бельгиялық төрешілер Беренжер Пиерарт пен Джолин Делкроикс көмектеседі.
Ал, төртінші арбитр қазақстандық Лилия Кәрімова.
Матч инспекторы - Эмилия Внук (Польша)
Еске сала кетейік, Қазақстан - Уэльс матчы 12 сәуір күні Шымкент қаласындағы «Биік» стадионында өтеді. Матч Астана уақытымен 15:00-де басталады.