Қазақстан Үкіметі әкімшілік іс жүргізу заңнамасын жетілдіруді көздеп отыр

АСТАНА. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Қазақстан Үкіметі әкімшілік іс жүргізу заңнамасын жетілдіруді көздеп отыр.
None
None

Осыған орай Үкімет «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік іс жүргізу заңнамасының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Мәжілістің қарауына ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Заң жобасын қабылдаудың мақсаты қолданыстағы заңнама нормаларын Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексі мен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (жаңа редакция) жобаларымен сәйкес келтіру, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген заң жобаларымен реттелетін қоғамдық қатынастардың аражігін ажырату болып табылады.

Атап айтқанда, заң жобасымен Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізуді регламенттейтін нормаларды алып тастау бөлігінде түзету қарастырылған.

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңын әкімшілік іс жүргізу заңнамасымен реттелетін қоғамдық қатынастар тізбесін толықтыру көзделуде.

Ал «Лицензия туралы» Қазақстан Республикасының Заңына әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайтын заңдық фактілер үшін лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және одан айыру тәртібі мен негіздерін бекіту бөлігіне толықтыру енгізілмек.

Сол секілді Кеден кодексіне, Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы», «Адвокаттық қызмет туралы», «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы», «Күзет қызметі туралы», «Байланыс туралы» заңдарға және басқа да заңдарға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және одан айыру негіздерін алып тастау бөлігінде түзетулер енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар