Қазақстан Үкіметі бизнесті инновациялық қызметке тартуға мүдделілік танытады
АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан Үкіметі бизнесті инновациялық қызметке тартуға мүдделілік танытады.
Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан «Эксперт-100-Қазақстан» атты ірі бизнестің 4-інші экономикалық форумында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов айтты.
«Біз бизнесті инновациялық қызметке тартуға қызығушылық танытудамыз. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында ірі жобаларды жүзеге асыру басталды. Бағдарлама экономиканы жаңғыртуға әрі әртараптандыруға, сонымен қатар отандық бизнес үшін жаңа перспективалардың пайда болуына серпін береді», - деді С.Ахметов.
Осы ретте оның пайымынша, мемлекет пен бизнестің әріптестігі әлемдік экономикалық дағдарыстың болжанып отырған "жаңа толқыны" жағдайында барынша маңызды бола түспек. Ал, ол үшін мемлекеттік органдар мен бизнес-құрылымдардың сындарлы өзара түсінушілігі мен іс-әрекет үйлесімділігі қажет екендігін баса айтқан Үкімет басшысы: «Біз бизнеспен бірлесіп жұмыс істеуге және ынтымақтастыққа әрқашанда да дайынбыз», - деді.