Қазақстан Үкiметi «бұлтты» технологияларды қолданатын болады
Зерде холдингi Ақпараттандыру туралы заң жобасын жасақтап, Үкiметке жолдады. Аталмыш заң жобасы мемлекеттiк басқару тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында мемлекеттiк органдарды ақпараттық технологиялармен қамтуды көздейдi", - дедi ол бүгiн Астанада Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, заң iске асса, болашақта барлық мемлекеттiк органдар ақпараттық технологиялар қызметтерiн белсендi пайдаланушыларына айналады. "Ақпараттық қызметтер бiр орталықтырылған жүйеге бағынады. Бiз қазiргi уақытта азаматтарға көрсетiлетiн қызметтердiң көпқадамдылығын азайту мақсатында мемлекеттiк органдарды оңтайландыру iсiн бастадық. Оның негiзiнде мемлекеттiк органдар арасындағы қағазбастылықты кемiту көзделген", - дедi Б. Құрманғалиева.
"Мемлекеттiк аппарат - халық үшiн қызмет көрсететiн бiрегей орган. Сондықтан бiз оның қызмет көрсетудiң сапасын арттыру үшiн заманауи технологиялар ұсынуымыз шарт. Осы тұрғыда қазiргi таңда "бұлтты" технологиялар жетiлiп келедi. Зерде холдингi "мемлекеттiк бұлт" жасақтауды жоспарлауда. Ол - жабық, қорғалған, берiк, ұлғайтылатын инфрақұрылым. Осының базасында әрбiр мемлекеттiк орган өз функцияларына жататын қызметтердi еркiн пайдаланып, халыққа тиiмдi қызмет көрсете алады", - деп атап өттi ол.