Қазақстан Үкіметі Чернобыль АЭС-дағы жобалардың аяқталуына қаражат бөлу туралы шешім қабылдады - Н.Назарбаев

КИЕВ. 19 сәуір. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Қазақстан Үкіметі Франция мен Украина Президенттерінің үндеуін қарап, Чернобыль АЭС-дағы халықаралық жобалардың аяқталуына қаражат бөлу туралы шешім қабылдады.
None
None

Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Киевте өтіп жатқан Ядролық энергияны қауіпсіз және инновациялық мақсатта пайдалану жөніндегі саммитте мәлім етті.

«Ең алдымен, ұйымдастырушыларға, сондай-ақ Украина Президенті Виктор Федорович Януковичқа форумға шақырғаны үшін жеке алғысымды айтқым келеді. 26 сәуір күні Чернобыль атом электр стансысында болған әлемдегі ең ірі техногенді апатқа 25 жыл толады. Чернобль апаты бүкіл әлемді атом энергиясын бейбіт мақсатта қауіпсіз пайдалану мәселесі туралы ойға қалдырған нүктеге айналды десек, артық айтқандық болмайды», - деді Н.Назарбаев.

Елбасының атап өткеніндей, Чернобыль апатының салдарын жоюға 32 мыңнан астам қазақстандық қатысып, олардың арасында көп адам өз өмірі мен денсаулығын құрбан етті.

«Чернобыль апаты қазақстандықтардың жүрегінде әлі күнге дейін сақталуда», - деп атап өтті Елбасы Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар
Референдум