Қазақстан үкіметі де Американың демократиясына қатысты сын айтып отырады - АҚШ Елшісі Крол

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж Крол еліміздегі сөз бостандығы мен демократияға қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Әрине,мен өзім Қазақстанның ішкі мәселелеріне араласа алмаймын. Дегенмен, демократия мен сөз бостандығына қатысты сын айтылғанда алаңдаушылық туындайды. Себебі біз, АҚШ үкіметі мен үкіметтік емес ұйымдар, сөз бостандығын қалаймыз. Ондай жағдайлар болғанда Қазақстан үкіметімен кездесіп, барлығын ашық түрде талқылаймыз. Біз шетелдік журналистер мен үкіметтік емес ұйымдардың сараптамасын, ол арқылы сыртта қандай имидждің қалыптасып жатқанын да көрсетіп отырамыз. Қазақстан үкіметі бізбен кез келген уақытта кездеседі, кез келген мәселе бойынша ашық сөйлеседі. Иә, кей кезде келіспеушіліктер де болады. Олар да АҚШ-тағы үдерістерге қатысты ескерту жасайды. Сондықтан осы саладағы жұмыс біржақты жүргізіледі деп ойлап қалмаңыз. Ол екіжақты тұрғыда жүргізіледі», -дейді Крол.

Айта кетейік , бүгінгі баспасөз мәслихатында Джордж Крол Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінде ашылатын Американың павильоны жайында хабардар етті. 

Соңғы жаңалықтар