Қазақстан Үкіметі экономиканың өсімін 1%-ға жеткізу үшін жұмыс істеп жатыр - Б.Сұлтанов

Айта кетсек, кеше Халықаралық валюта қорының аймақтық конференциясын өткізген Халықаралық валюта қорының директоры Кристин Лагард Қазақстанның экономикасындағы өсім жыл соңына дейін бір пайызға жетеді деген болжам айтқан еді.
«Жалпы, Астана экономикалық форумына қатысып жатқан халықаралық сарапшылар мен мамандардың айтып отырғаны - қазір өзгерістерге бет алатын уақыт. Сондай-ақ, сарапшылар «Нұрлы жол» бағдарламасы, дағдарысқа қарсы өзге де бағдарламалар дер кезінде қабылданған шара екенін айтып отыр. Ұлттық қордағы резерв, салық саясаты сияқты қолданып отырған инструменттеріміз өте дұрыс. Өйткені, біз көп қарыз алған жоқпыз, шығыстарды азайттық, бұны да сарапшылар жақсы бағалап отыр. Ал, енді ұзақмерзімді өзгерістерге тоқталатын болсақ, сарапшылар да терең реформа керек екенін айтып отыр»,-деді Б.Сұлтанов.
«Кристин Лагард Қазақстанның экономкасы жыл соңында бір пайыз өсімге жетеді деп айтты. Ол қандай деректерге сүйеніп айтты?» деген сұраққа жауап бере келе Қаржы министрі: «бұл біздің есепке де сүйеніп отыр, және өңірде болып жатқан өзгерістерге қарап, өздерінің жоспарына қарап айтып отыр. Қазақстан үкіметі жыл соңына дейін бір пайыз өсімге жету үшін жұмыс істеп жатыр» - деді министр.