Қазақстан Үкіметі еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарына толықтай сенеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Үкіметі еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарына толықтай сенеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Өңірлік даму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев айтты.
None
None

«Әрине, біз отандық бұқаралық ақпарат құралдарына толықтай сенеміз. Мәселе менің қандай да бір мақалаға қатысты пікірімде емес. Бірақ мен өз елімізді мақтан тұтамын және әрбір азаматтың өз пікірін ашық білдіре алатынына қуанамын», - деді ол журналистердің сұрағына жауап беру барысында.

«Әрине, БАҚ неғұрлым көп болса, оның бәсекелес ортасы да соғұрлым көп болады. Соның нәтижесінде кез келген адам өз ұстанымын ашық білдіре алады. Сондықтан егер мен белгілі бір БАҚ-та жарық көрген мақаланың авторының пікірімен келіспесем, бұл менің сол БАҚ-қа сенімсіздік танытқаным деген сөз емес», - деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар