Қазақстан Үкiметi мұнайдың экспорттық кедендiк баж салығын өзгертудi жоспарлауда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Үкiметi мұнайдың экспорттық кедендiк баж салығын өзгертудi жоспарлауда. Бұл туралы бүгiн Астанада ҚР Энергетика министрлiгi мұнай өнеркәсiбi департаментiнiң директоры Қуандық Құлмұрзин мәлiм еттi.
"ЭКБС бойынша қаулы мемлекеттiк органдармен келiсiлдi және Премьер-Министрдiң кеңсесiне жолданды: мұнайға - 60 доллар, мазут пен вакуумдық газойлға - 60 доллар. Екi қаулы да енгiзiлдi. Дауыс беру 10 наурызға белгiлендi, барлығы ешқандай ескертулерсiз өтедi деп сенемiз. Содан кейiн қаулы жарияланысымен ол күшiне енедi", - дедi ол.