17:04, 14 Қараша 2013 | GMT +5
Қазақстан Үкіметі үкіметтік емес ұйымдармен ашық сұхбаттастыққа ұмтылады
АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан Үкіметі мен мемлекеті үкіметтік емес ұйымдармен ашық сұхбаттастыққа ұмтылады. Бұл пікірді бүгін елордада өтіп жатқан VІ Азаматтық форум аясында ҮЕҰ өкілдерімен кездесу өткізген ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов білдірді.

Министрдің атап өтуінше, еліміздің Үкіметі проблемалы мәселелерді шешуде оңтайлы жолдар табуға ұмтылумен қатар өзінің ашықтығын да көрсетіп отыр. «Әрине, бәрі де керемет емес. Дегенмен, ашық пікір алмасу жүргізілуде. Сондықтан қоғамға біздердің қажетті шешімдерге келуде күш біріктіруіміз үшін түрлі бағдарламалар мен стратегиялар ұсынылуда», - деді Е.Ыдырысов.