Қазақстан Үкіметі Жапонияға қаржылай және гуманитарлық көмек жасайды - СІМ

АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Қазақстаннан Жапонияға гуманитарлық жүк жөнелтіледі. Бұл туралы Астанада өткен апталық брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті.

Қазақстан Үкіметі Жапонияға  қаржылай және гуманитарлық көмек жасайды  - СІМ

Ресми өкілдің сөзіне қарағанда, Жапониядағы зілзаладан кейінгі апатқа байланысты Қазақстан Үкіметі Жапонияға 1 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржылай көмек жасауды және 33 тонна көлемінде ет консервілерін жеткізу туралы шешім қабылдады. «ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ұшағы осы жүкпен бүгін Жапонияға аттанады»,-деді А. Әбдірахманов.

Айта кетейік, 1 млн. АҚШ доллары көлеміндегі қаржы Жапонияның Қызыл Крест қоғамына аударылады.