Қазақстан үкіметтің тиімділігі жағынан қай елдерден басып озды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі үкіметтің тиімділігі жағынан қай елдерден басып озғанымызды есептеп шығарды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан үкіметтің тиімділігі жағынан қай елдерден басып озды

Астана қаласы бойынша департамент басшысының орынбасары Роман Кимнің айтуынша, өткен жылы менедментті дамыту институтының жаһандық рейтингінде Қазақстан 32-орынға көтерілді. Аталған рейтинг 342 көрсеткіш бойынша бағаланады. Соның барлығы төрт топқа бөлінген. Атап айтқанда, алдымен мемлекеттің экономиканың жағдайына, одан кейін үкімет жұмысының тиімділігіне, іскерлік орта мен инфрақұрылымның сапасына баға беріледі. "Дәл осы көрсеткіштер бойынша біз 15 сатыға көтеріліп, Испания, Польша, Италия, Түркия сияқты елдерден басып оздық. Осы орайда үкіметтің тиімділігіне қатысты көрсеткіштерді ерекше атап өткен жөн. Себебі осы санатта Қазақстанның жетістіктері анық байқалып отыр", - деді Р.Ким Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.
null 

Айта кетейік, посткеңестік елдердің ішінде Эстония, Латвия, Литва мен Грузияда жемқорлықтың деңгейі айтарлықтай төмендеді. Мәселен, Грузия соңғы он жылда xалықаралық рейтингте 84 позицияға көтерілді. Өткен жылы Қазақстан аталған рейтингте 121 орыннан көрінді. Жалпы, 1999 жылдан бері Қазақстан 31 ұпай жинап, жемқорлық деңгейі жоғары мемлекеттердің қатарынан алғаш рет шыға білді. Бұның барлығы - сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, қоғамдық бақылау мен мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа ауыстырудың нәтижесі. Халық арасындағы әлеуметтік сауалнамалар да жемқорлық деңгейінің төмендегенін растап отыр.