Қазақстан Үкіметі қай елге қанша қарыз

АСТАНА. KAZINFORM – Қаржы министрлігі Қазақстан Үкіметінің сыртқы борышы туралы соңғы мәліметтерді жариялады.

Азаматтарға «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан бас тарту құқығы беріледі
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, Үкіметтің сыртқы борышы 1 қазандағы жағдай бойынша 7 трлн 217 млрд 26 млн 519 мың теңге болған.

Оның ішінде ең көп қарыз Халықаралық қайта құру және даму банкі (1,5 трлн теңге) мен еурооблигациялардан (4 трлн теңге) тартылған.

Қазақстан Үкіметі қай елге қанша қарыз

 

Еуропа қайта құру және даму банкіОрталық және Шығыс Еуропа елдерінің ұзақ мерзімді несиелендіру жөніндегі аймақтық мемлекетаралық банкі болып есептеледі. Штаб-пәтері Лондонда орналасқан бұл ұйымға 50-ге жуық ел мүше. Оның ішінде ТМД елдері де бар.

Ислам даму банкіне 52 мемлекет мүше. Олардың арасында Әзербайжан, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түрікменстан да бар.

Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкіне 105 мемлекет мүше болып кірген. Алайда Ресей, Қытай Үндістан үштігі басым дауысқа ие.

Осыған дейін Үкімет Ұлттық қор активтерін 100 млрд долларға ұлғайтуды жоспарлап отырғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар