Қазақстан ұлттық құрамасы бокстан әлем кубогында көрсеткішін жақсартты

АСТАНА. KAZINFORM - Қытайдың Гуйян қаласында өткен әлем кубогында қазақстандық боксшылардың медальдар кестесінде қай орынға ие болғаны белгілі болды.

бокс
Фото: Қазақстан бокс федеарциясы

15-21 маусым Қытайдың Гуйянг қаласында өткен Әлем кубогінің екінші кезеңіне 44 елден 300 боксшы қатысты. Жарыста 17 отандасымыз жүлдеге таласып, жалпы есепте үздік үштікке енді.

Алтын

54 келі. Назым Қызайбай

60 келі. Виктория Графеева

50 келі. Санжар Тәшкенбай

70 келі. Абылайхан Жүсіпов

90 келіден жоғары. Айбек Оралбай

Қола

65 келі. Аида Әбікеева

80 келі. Валерия Аксенова

80 келіден жоғары. Дина Исламбекова

Командалық есеп

Қытай - 9 (5 алтын, 1 күміс, 3 қола)

Қазақстан - 8 (5-0-3)

Өзбекстан -11 (4-3-4)

Франция - 8 (2-2-4)

Үндістан -6 (1-3-2)

Бразилия -4 (1-2-1)

АҚШ - 2 (1-1-0)

Әзербайжан - 3 (1-0-2).

Сондай-ақ бұдан бұрын қазақстандық боксшылар Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында 20-26 сәуір аралығында өткен әлем кубогын үздік үштікте аяқтады. Жерлестеріміз беделді бәсекені үш алтын, бір күміс, үш қола медальмен аяқтады.

Осылайша отандастарымыз әлем кубогындағы көрсеткішін жақсарта түсті. Олар алғашқы кезеңнен екі алтын медальды көбірек алды.

Ал финалдық кезең қараша айында Өзбекстанда өтеді. Дегенмен нақты күні мен жарыс өтетін қала әзірге белгіленген жоқ.