«Қазақстан» ұлттық арнасында «Алаш алыптары» жобасының тұсаукесері!
АСТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат - «Қазақстан» ұлттық арнасында заманының заңғар тұлғалары, таңбалы тарих, айтылмаған ақиқат, ұлтымыздың ұлықтары жайында түсірілген «Алаш алыптары» жобасының тұсаукесері болады.
Бұл туралы «Қазақстан» ұлттық арнасының баспасөз қызметі хабарлады.
12 фильмнен тұратын «Алаш алыптары» деректі фильмдер желісінде ұлтымыздың ұлы тұлғаларының өмірі, ойлары, істері жайында баяндалады. Қазақ халқының бірлігі мен тұтастығын көксеген, ұлттық болмысымыздың қалыптасуы мен егемендігі жолында өмірін сарп еткен тұғырлы тұлғаларымыз жайында болмақ.
1 желтоқсаннан бастап, әр сенбі сайын сағат 13.15-де «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан жіберіп алмаңыздар!