15:51, 17 Наурыз 2013 | GMT +5
«Қазақстан» Ұлттық арнасында «Өлмес махаббат» нышаны
АСТАНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат - Сәулет өнерінің шыңы саналатын Тәж-Махал туралы бүгін, 17.30-да, Ұлттық арнада «Ғажайыпстанға саяхат» бағдарламасы көрсетіледі.

Тәж-Махал - Ақсақ Темірдің ұрпағы Жақан шахтың тоқалы Мұмтаз Махалға арнап салдырған кесенесі. 1630 жылы басталған кесененің құрылысы 22 жылға созылған. «Өлмес махаббат» нышаны болып саналатын Тәж Махал - әлемдегі жеті кереметтің бірі.
Төрт құбыласында төрт минареті, биіктігі 74 метр бес күмбезі бар ақ мәрмәрдан салынған мазардың құрылысына Орта Азия, Парсы, Таяу Шығыс елдерінен 20 мыңға жуық зергер-ұсталар жұмылдырылған.
Ғимарат Үндістан астанасы Делиден 204 шақырым жерде орналасқан.