«Қазақстан» ұлттық арнасында - жаңа жоба

АСТАНА. 14 тамыз. ҚазАқпарат - «2013 жылдың 2 қыркүйегінен бастап, әр дүйсенбі сайын сағат 19.00-де Ұлттық арна эфирінен «Заң және біз» атты жаңа бағдарлама көрермендерге жол тартпақ» - деп хабарлады «Қазақстан» АҚ» республикалық телерадио кешенінің баспасөз хатшысы Танакөз Толқынқызы.

«Қазақстан» ұлттық арнасында - жаңа жоба

Бағдарламаның мақсаты - заң саласына қатысты проблемаларды талқылайтын алаң ұйымдастыру. Оған кәсіби заңгер, прокуратура маманы, судья, сот орындаушылары, қоғамдық қор өкілдері шақырылып, көтерілген тақырыпты талқылауға қатысатын болады.

Бағдарламаның жүргізушісі - Досымбек Қонысбекұлы.

Осы орайда, толғандырған мәселелер бойынша, (7273)93-23-35 телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады.