12:16, 27 Қараша 2014 | GMT +5
Қазақстан Ұлттық географиялық қоғамы тұран жолбарысын қайта оралтпақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Ұлттық географиялық қоғамы елімізде тұран жолбарыстары популяциясын қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингінде Қазақстан Ұлттық географиялық қоғамы Басқару кеңесінің төрағасы Қанат Байғарин мәлімдеді.

«Біз құрып кеткен жолбарыс түрін қайтадан қалпына келтіру бойынша маңызды бастаманы қолға алдық. Иә, бұл амбициялық жоба, дегенмен қазір Ресейде жолбарыстар бар, Иранға да қайта оралды. Сондықтан. менің ойымша, бұл жобаны іске асыруға болады және Қазақсанда болашақта тұран жолбарысы бұрынғыдай өмір сүре алады», - деді Қ. Байғарин.