17:52, 08 Қазан 2013 | GMT +5
Қазақстан Ұлттық географиялық қоғамының өңірлердегі өкілдіктері ашылады
АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Ұлттық географиялық қоғамының өңірлердегі өкілдіктері ашылады. Бұл туралы бүгін «Назарбаевуниверситетінде» Қазақстанның Ұлттық географиялық қоғамының құрылуына арналған бірінші съезде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаев айтты.

«Таяу аралықта қоғамның өңірлердегі 8-10 өкілдігі ашылып, қоғам аясында сарапшылық әрі медиа кеңестер құрылатын болады», - деді ол.
Е.Орынбаевтың атап өтуінше, сонымен қатар Қазақстан Ұлттық географиялық қоғамының қызметі аясында жыл сайын экспедицичлар ұйымдастыру жолға қойылады.
«Жыл сайын 1 халықаралық, 2 ұлттық және 10 өңірлік экспедиция ұйымдастырып тұруды тәжірибеге енгізу қажет», - деді вице-премьер.