Қазақстан Ұлттық қорының кірісі арта түсуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың қаңтар-сәуірінде еліміздің Ұлттық қоры 767 млрд теңгеге толығып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 75 пайызға артты. Бұл мәлімет finprom.kz сайтында жария етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ағымдағы жылдың 4 айындағы Ұлттық қорға түскен қаржы 767,2 млрд теңгені құрады. Оның ішінде пайдалы қазбаларды өндіру салығын жинау 5 есеге артып, 423,6 млрд теңгені, артық кіріс салығын жинау 70 пайызға ұлғайып 62,8 млрд теңгені құрады. Жер қойнауын пайдаланушылардан алынатын корпоративті табыс салығы 211,6 млрд теңгені құрап, 1 процентке кеміді.
Дүниежүзілік банк баяндамамасына сәйкес ағымдағы жылы мұнай бағасының өсімі мен оны өндіру көлемінің артуы Қазақстанның экономикалық дамуын жеделдететін болады. Ал елдің ішкі жалпы өнімінің нақты өсімі 2017-2019 жылдары аралығында 3 пайыз шегінде ауытқып отырады.
Еліміздің Ұлттық қорына түсетін кірістің арта түсуіне мұнай секторындағы ұйымдарға салынатын айыппұлдар, санкциялар, өсімақылар да өз септігін тигізуде. 2016 жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда ағымдағы жылдың 4 айындағы мұндай төлемдердің көлемі 5 есеге ұлғайып, 22,3 млрд теңгені құрады.
Биыл кепілдендірілген трансферт көлемінің ұлғаюының нәтижесінде Ұлттық қордың шығыстары да 60 процентке арта түскен. 2017 жылы кепілдендірілген трансферт көлемі өзінің ең жоғары шегіне жетіп, 2,9 трлн теңгені құрайтын болады. Осыдан кейін теңгелік белгілеуге көшудің құлдырауы күтілуде.
Дегенмен, мақсатты трансферт көлемі екі есеге қысқарып, 68 млрд теңгені құрады. Еліміздің Бюджет кодексінде кепілдендірілген трансферттің жыл сайынғы көлемі доллармен 8 миллиард көлемінде 15 проценттік ауытқумен бекітілген.