Қазақстан ұлттық құрамасы жастар құрамасын екінші рет жеңді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ұлттық құрамасы жастар құрамасын екінші рет жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Футбол федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстан ұлттық құрамасы жастар құрамасын екінші рет жеңді

Ойын Талғардағы құрама командалар базасында өтті. Айта кетейік, бұл екі команда бірнеше күн бұрын бір-бірімен екі құраммен ойнаған еді.

Александр Бородюктің ойыншылары бірінші таймда бір гол соқты. Авторы - қорғаушы Тимур Рудосельский.

Матчтың екінші таймында Ұлттық құрама ойыншылары тағы екі гол салды. Бұл жолы «Қайраттың» екі ойыншысы Бауыржан Тұрысбек пен Бауыржан Исламхан дәлдігімен көзге түсті. Осылайша ойын 3:0 есебімен аяқталды.

Еске сала кетейік, 9 қараша күні бұл екі команда алғашқы жолдастық кездесу өткізген еді. Ол кезде де Ұлттық құрама жеңіске жетіп, ойын 4:1 есебімен аяқталған.

Қазақстан Ұлттық құрамасы - Қазақстан жастар құрамасы U21 - 3:0 (1:0)

Голдар: Тимур Рудосельский, Бауыржан Тұрысбек (пенальти), Бауыржан Исламхан;

Қазақстан (1-ші тайм): Марсель Исламқұлов, Михаил Габышев, Тимур Рудосельский, Ян Вороговский, Александр Соколенко, Исламбек Қуат, Бауыржан Исламхан, Дидар Жалмұқан, Еркебұлан Тұңғышбаев, Бауыржан Тұрысбек, Алексей Щеткин.

Қазақстан (2-ші тайм): Игорь Шацкий, Григорий Сартаков, Тимур Рудосельский, Михаил Габышев, Александр Соколенко, Ян Вороговский, Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат, Тоқтар Жаңғылышбай, Еркебұлан Тұңғышбаев, Бауыржан Тұрысбек.

Қазақстан жастар құрамасы (1-ші тайм): Игорь Трофимец, Александр Стародубов, Максим Чалкин, Руслан Әлімбаев, Айболат Макуов, Рафаиль Оспанов, Максим Котов, Ұлан Өтешев, Сүлімжан Бакиев, Едіге Оралбай, Темірлан Әміров.

Қазақстан жастар құрамасы (2-ші тайм): Бекхан Шайзада, Ескендір Қыбырай, Кирилл Алексеев, Әлібек Қасым, Елжас Сарбай, Рауан Орынбасар, Рамазан Оразов, Наурызбек Жагоров, Артем Попов, Акмаль Бахтияров, Артем Шушеначев.