«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Қазмедиаорталықтан ақпарат тарата бастады
АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін - қазақ телевизиясы үшін тарихи күн. Еліміздің басты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы ақпаратты Қазмедиаорталықтан тарата бастады.
Медиаорталықтың барлық технологиялық алаңдарында «Sony», «Omneon», «Dalet», «Pharos», «Everts», «Apple», «Avid» сияқты әлемдік жетекші өндірушілердің заманауи жабдықтары орнатылған.
«Қазақстан» телеарнасының жаңалықтар қызметі және таңертеңгі «Таңшолпан» ақпараттық-ойын сауық бағдарламасы бүгін алғашқы рет эфирге Қазмедиаорталықтан шығарылды.
Жаңа студия мен жаңа форматқа көшкен «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы медиакеңістікте өзінің мүмкіндіктерін кеңейтуде.