«Қазақстан» ұлттық телеарнасы мен Қазақ радиосы «Наурызға тілек!» жаңа акциясын іске қосты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан» ұлттық телеарнасы мен Қазақ радиосы «Наурызға тілек!» жаңа акциясын іске қосты.

 «Қазақстан» ұлттық телеарнасы мен Қазақ радиосы «Наурызға тілек!» жаңа акциясын іске қосты

Бұл туралы «Қазақстан» РТРК  АҚ баспасөз қызметі хабарлады.  

Күн мен түннің теңелетін және Әз- Наурыз мейрамына аз ғана уақыт қалды.

Дәстүр бойынша Наурызды жақсы көңіл күйде қарсы алып, тек жақсы тілектер айтылуы керек. Нұрын шашқан осындай мереке қарсаңында «Қазақстан» телеарнасы мен «Қазақ» радиосы «Наурыз тілек!» атты жаңа акциясын іске қосуда, осының арқасында әрбір қазақстандық өзінің туған туысқандарын, бүкіл елді құттықтауға мүмкіндік алады, өзінің ыстық тілектерімен бөлісіп, сонымен бірге бағалы сыйлықтардың иегері атанады.

Осы акцияға қатысқысы келетіндер төмендегі талаптарды орындаулары қажет:

1. 1 наурызға дейін өзінің аудио, видео немесе мәтін түріндегі Наурыз мерекесімен құттықтауын nauryz@kaztrk.kz электрондық поштасына жіберу немесе 8 (7172) 55-33-26, 55-33-37 номерлеріне хабарласу;

2. Әлеуметтік желілердің біреуімен (facebook, instagram, vk, twitter) «Қазақстан» РТРК жаңаруына жазылып, жеке парақшаға өзіңіздің құттықтауыңызды байқаудың постерімен салу. Құттықтауда хэштег #nauryztilek көрсету;

Ең дарынды қатысушыны Корпорацияның көркемдік кеңесі іріктейді және оны мереке қарсаңында жариялайды. Жүлде қорында мыналар бар:

1 орын - Ұялы телефон

2 орын - Планшет

3 орын - Электронды кітап

Біз Сіздердің құттықтауларыңызды тағатсыздықпен күтетін боламыз. Акция бойынша барлық жаңалықтарды nauryz.kaztrk.kz сайтынан қарап отыруыңызға болады.