Қазақстан Ұлттық телеарнасы танымалдылығы жағынан екінші орында - Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы

АЛМАТЫ. 20 қараша. ҚазАқпарат -  Қазақстанда 2013 жылы спорт телеарнасы ашылады. Бұл туралы бүгін Алматыда «Қазақстанның медиа нарығы: оңтайлы басқару және дамытатын тұстары» деген тақырыппен өтіп жатқан  5-ші медиа құрылтайда айтылды.
None
None

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Қалианбековтың айтуынша,  ақпарат - күрделі салалардың бірі. Оның эволюциялық дамуын заңды түрде  бақылау өте қиын.  Бұл әлемдік үрдіс.

«Мемлекеттік тапсырыстың тиімді жүзеге асырылуын зерттеу бүгінгі таңда төмен деңгейде. Айта кетер жайт, мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейтін бұқаралық ақпарат құралдары мемлекетке тәуелді емес. Олардың арасында бағдарламалары тартымды, хабарлары сапалы да салмақты әрі өзекті мәселелерді көтере білуімен телекөрермендер назарын аударып жатқандары да бар. Мәселен «Галоп медиа» зерттеулері бойынша Қазақстан ұлттық телеарнасы ОРТ Еуразиядан кейін екінші орын тұр», - дейді Б.Қалианбеков.

 Болат Серікұлының сөзіне қарағанда,  Қазақстан қазір сандық телевидениеге көшудің алдында.

Соңғы жаңалықтар